15 апреля 2026 02:04
Количество просмотров: 25
2026 жылдың 15 сәуірі күні оқу орнымызға ШҚО, Ұлан ауданы, Алмасай ауылының «Абай атындағы орта мектебі» КММ-нің оқушылары кәсіптік бағдар беру мақсатында арнайы келді.
Кездесу барысында қонақтарға оқу орнымыздың оқу ғимараты мен Студенттер үйі бойынша экскурсия ұйымдастырылып, білім беру үдерісі, мамандықтар, қабылдау талаптары мен оқу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар, оқушыларға болашақ мамандық таңдаудың маңыздылығы түсіндіріліп, олардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес бағыт-бағдар берілді. Олар оқу кабинеттерімен, зертханалармен танысып, студенттердің өмірі мен жетістіктері туралы мәлімет алды.
Аталған шара оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, болашаққа деген сенімін арттыруға және саналы түрде мамандық таңдауға оң ықпал етті.