4 марта 2026 04:03
Количество просмотров: 258
2026 жылдың 4 наурызы күні оқу орнымыздың базасында Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің 9-сынып оқушылары арасында «Орыс тілі» пәні бойынша «Абитуриент – 2026» облыстық олимпиадасы өтті.
Колледждің «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктіліктерінің 2-3 курс (23-РЯ-1, 24-РЯ-1, 23-НО-1 топтары) студенттері қонақтарға арнап концерттік бағдарлама ұсынып, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға Өскемен қаласының 25 орта мектептерінің оқушылары қатысты. Олимпиада қорытындысының тіл бойынша ең жоғары білім деңгейін көрсеткендер:
Морозова Карина (№10 мектеп-гимназиясы), Фоминых Полина және Яковец София (Л.Гумилев атындағы №38 гимназия).
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!