17 октября 2025 03:10
Количество просмотров: 364
2025 жылдың 17 қазаны күні КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Асқар Ислямов атындағы «Үздік педагогикалық эссе» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқауға Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан барлығы 16 оқытушы қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша ең үздік, терең мағыналы әрі тың идеялы жұмыстар жоғары бағаланып, жеңімпаздар ШҚО кәсіптік білім беру орталығының арнайы дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.
Асқар Ислямов атындағы «Үздік педагогикалық эссе» жүлдегерлері:
І орын – Назбиева Бакыт Кайролдиновна, «Шығыс техникалық –гуманитарлық колледжі»
ІІ орын – Бакетаева Гүлшат Тұрсыновна, «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы
ІІ орын – Ержанқызы Диана, «Қазақстан-Американдық еркін университеті» ЖШС Жоғарғы колледжі, шетел тілі оқытушысы
ІІІ орын – Изова Алеся Владимировна, «Өскемен құрылыс-техникалық колледжі» КММ, арнайы пәндер оқытушысы
ІІІ орын – Канатова Айзада Жумакановна, «Өскемен технология және сервис колледжі» КММ, әдіскер
ІІІ орын – Масалимова Гульжан Ерланбековна, «Өскемен көпсалалы технология колледжі», оқытушы
Бұл байқау педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырып қана қоймай, білім беру саласындағы тың идеялар мен озық тәжірибелерді кеңінен насихаттауға үлкен мүмкіндік болды. Байқауға белсенді қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен барлық ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз. Ал жеңімпаздарға алдағы республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!