17 октября 2025 03:10
Количество просмотров: 350
2025 жылдың 16–17 қазан күндері Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен Нарын ауданы, Свинчатка ауылында орналасқан «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК-ның оқу-өндірістік базасында «Алғашқы әскери-техникалық даярлық пәні оқытушыларының практикалық деңгейін жетілдіру» тақырыбында облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты — алғашқы әскери-техникалық даярлық (АӘТД) пәні оқытушыларының кәсіби шеберлігін арттыру, әскери қызметшілермен бірлескен іс-қимыл механизмдерін дамыту, Қарулы Күштер қатарына жастарды шақыру бойынша жұмыстарды үйлестіру, тәжірибе алмасу арқылы оқытушылардың практикалық және әдістемелік дағдыларын жетілдіру.
Семинарға Шығыс Қазақстан облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының АӘТД пәні оқытушылары, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ШҚО департаментінің тәрбиелік-идеологиялық және кадр жұмыстары басқармасының офицері С.Б. Бахтияров, сондай-ақ ШҚО Күршім ауданы бойынша шекара қызметінің ұтқыр іс-қимылдар бөлімшесінің сержанты С.Е. Оразбаев қатысты.
Семинар барысында қатысушылар әскери-техникалық даярлықтың заманауи әдістерімен, оқу-жаттығу жүйелерімен, әскери-патриоттық тәрбиенің жаңа формаларымен танысты. Практикалық бөлімде атыс дайындығы, саптық жаттығулар және алғашқы әскери көмек көрсету бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.
Семинар-практикум алғашқы әскери-техникалық даярлық пәні оқытушыларының кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға, тәжірибе алмасуға және білім беру ұйымдары мен әскери құрылымдар арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етті. Іс-шара барысында алынған тәжірибе мен білім болашақта жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін тиімді ұйымдастыруға септігін тигізетіні сөзсіз.