24 декабря 2025 02:12
Количество просмотров: 128
2025 жылдың 24 желтоқсаны күні оқу орнымызда «Жалпытехникалық және математика» пән бірлестігінің апталық жоспарына сәйкес КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің 100 жылдық мерейтойы аясында «Smart-ұстаз» облыстық инновациялық байқау өтті.
Байқау мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи цифрлық технологиялар мен инновациялық әдістерді тиімді пайдалану арқылы педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту және озық тәжірибелерін тарату.
Байқауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан барлығы 14 оқытушы қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктері мен инновациялық идеяларын ұсынды. Байқау екі кезең бойынша өткізілді. Қатысушылардың жұмыстарын қазылар алқасы жан-жақты бағалап, нәтижесінде төмендегідей жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
І орын - Тоқтағанов Әлижан Нұрбекұлы
ІІ орын - Тұрсынбекова Жанерке Бағдатқызы, Әбдіқапар Марқа
ІІІ орын - Матайбаева Зәуре Тайрановна, Аршын Жайдар, Ермекова Арайлым Қадылбекқызы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Мұндай мазмұнды іс-шаралар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізуге және тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік туғызады.