24 декабря 2025 02:12
Количество просмотров: 252
2025 жылғы 24 желтоқсан күні Астана қаласындағы Конгресс орталығында «Жұмысшы мамандықтар жылының» қорытынды іс-шарасы салтанатты түрде өтті. Аталған іс-шара ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып жүрген жұмысшы мамандық иелерінің еңбегін дәріптеуге және олардың қоғамдағы мәртебесін арттыруға арналды.
Форумға оқу орнымыздың атынан директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Р.М.Жакашев, «Шетел тілі мұғалімі біліктілігінің 4-курс студенті Даутқали Алихан Айбатұлы, «Информатика мұғалімі» біліктілігінің 4-курс студенті Жамелов Алдияр Кенжебекұлы қатысты.
Іс-шара барысында жұмысшы кадрларды даярлау, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, жастарды еңбекке баулу мәселелері де қозғалып, жұмысшы мамандықтарының болашағы зор екені атап өтілді. Қорытынды форум «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында атқарылған жұмыстарды түйіндеп, еңбек адамына деген қоғамның ықыласын айқындай түсті.