24 апреля 2026 05:04
Количество просмотров: 46
2026 жылдың 24 сәуірі күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Әскербекқызының шығармашылық мұрасын дәріптеуге арналған облыстық «Жанат оқулары» байқауы өтті.
Аталған байқауда оқу орнымыздың «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің 1-курс студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді:
Кибадатова Дильназ – ІІ орын (жетекшісі: Ж.О. Даутова)
Оралтаева Асылай – ІІІ орын (жетекшісі: А.М. Кайкенова)
Сонымен қатар, Сейтмұқаш Еркеназ «Көркем сөз оқу шебері» номинациясы , Қадылбекова Шолпан арнайы жүлдеге ие болды.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!