Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Түлектер жәрмеңкесі

Ярмарка вакансии Ярмарка вакансии Ярмарка вакансии Ярмарка вакансии Ярмарка вакансии Ярмарка вакансии

24 апреля 2026 05:04

Количество просмотров: 11


2026 жылдың 24 сәуірі күні оқу орнымызда бітіруші студенттерге арналған дәстүрлі «Түлектер жәрмеңкесі» өтті.
Шараға Шығыс Қазақстан облысының Глубокий, Ұлан, Катонқарағай аудандары мен Өскемен қаласындағы мектептер мен балабақша басшылары қатысып, түлектермен кездесті.
Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер бос жұмыс орындарын ұсынып, өз мекемелері туралы ақпарат берді. Сондай-ақ жас мамандарға қойылатын талаптар мен еңбек жолын бастау мүмкіндіктері түсіндірілді.
Студенттер сұрақтарына жауап алып, тәжірибе алмасып, болашақ жұмыс орындарын таңдауға бағыт алды.
Осындай кездесулер түлектердің кәсіби бағдарын айқындап, еңбек нарығына бейімделуіне жол ашады.