Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

«Үздік педагогикалық эссе» облыстық байқауы

Областной конкурс «Лучшее педагогическое эссе» Областной конкурс «Лучшее педагогическое эссе» Областной конкурс «Лучшее педагогическое эссе» Областной конкурс «Лучшее педагогическое эссе» Областной конкурс «Лучшее педагогическое эссе» Областной конкурс «Лучшее педагогическое эссе»

29 сентября 2022 08:09

Количество просмотров: 1716

28 қыркүйек күні ұстаздардың төл мерекесіне орай Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарында білім беретін оқытушылар арасында «Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы» КММ, «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК ұйымдастыруымен КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Асқар Ислямов атына «Үздік педагогикалық эссе» облыстық байқауы өтті.

Байқауға ШҚО колледждерінен 20 үміткер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығының дипломдарымен және Ислямовтар әулетінің демеушілігімен қаржылай сертификаттарымен марапатталды:

І орын. Акимбаева Жанар Нұрланқызы, Абай атындағы ШҚГК оқытушысы

ІІ орын. Төлеубекова Ардақ Төлеубекқызы, Өскемен көп салалы технологиялық колледжі оқытушысы

ІІІ орын. Сарсенбаева Альмира Ануаровна, Халық артистері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі оқытушысы

Жеңімпаздарды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!

Сонымен қатар дәстүрге айналған Асқар Ислямов атындағы атаулы шәкіртақы халықаралық және респбуликалық олимпиадалардың жүлдегері, оқу орнының үздік студенті Алимханов Адиге табысталды.