Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Облыстық семинар-практикум

Областной семинар-практикум Областной семинар-практикум Областной семинар-практикум Областной семинар-практикум Областной семинар-практикум Областной семинар-практикум Областной семинар-практикум Областной семинар-практикум

3 декабря 2025 03:12

Количество просмотров: 206

2025 жылдың 3 желтоқсаны күні колледж бен қала балабақшалары арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында Өскемен қаласының білім беру бөліміне қарасты «№96 балабақша» КМҚК базасында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3-курс (23-ДО-1 тобы) студенттеріне арналған «Ойын – білім беру процесін жаңғырту жағдайында инновациялық технологиялардың интеграцияланатын құрамдас бөлігі» тақырыбында облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды.

Іс-шараға №96 балабақша, №10 «Колокольчик» балабақша, №7 «Радуга» балабақша, сондай-ақ «Валеологиялық мамандандырылған мектеп – дарынды балаларға арналған кешен» КММ директорлары, әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Олар өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи әдістемелерді қолдану жолдары, балалармен жұмыс істеу тиімді тәсілдері, шығармашылық және тұлғаны дамыту әдістері туралы толық ақпарат ұсынды.

Семинар-практикумның мақсаты – болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту үшін теориялық білім мен тәжірибелік қызметті ұштастыру арқылы мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істеуге бағытталған заманауи педагогикалық технологияларды, әдіс-тәсілдерді меңгеруге жағдай жасау.

Оқу орнымыздың өндірістік оқыту әдіскері Қ.А.Исаханова және арнайы пәндер оқытушылары Ғ.А.Нұрғалиева, О.Г.Сычёва семинар-практикумның студенттер үшін өте пайдалы әрі қызықты өткенін атап өтті.

Іс-шара студенттерге мектеп жасына дейінгі балалардың өміріндегі ойынның маңызын терең түсінуге, теориялық білімдерін практикада қолдануға және практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, тапсырмаларды орындау, талдау жүргізу және пікірталасқа белсенді қатысу арқылы оқу үдерісінің тиімділігін арттырды.