1 декабря 2025 03:12
Количество просмотров: 402
2025 жылдың 1 желтоқсанында «Заң және тәртіп» нарративі аясында колледж студенттері жасөспірімдердің қаржылық сауаттылығын арттыруға және заманауи қаржылық алаяқтық сызбалары туралы хабардарлығын күшейтуге бағытталған «Qarzhy Sagshysy» атты білім беру компьютерлік ойынын өткізуге қатысты.
2025 жылдың 1–5 желтоқсан аралығында бұл ойыннан барлығы бірінші курсқа қабылданған 230 студент өтті. Олар ойын форматы арқылы қаржылық пирамидалар, дропперлік, әлеуметтік инженерия сияқты кең таралған алаяқтық түрлері туралы мәлімет алып, цифрлық гигиенаның негізгі қағидаларын меңгерді.
Жоба AML Academy және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі тарапынан ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен әзірленген.