10 октября 2024 02:10
Количество просмотров: 1399
ШҚО ББ «Örken» өңірлік орталығының ұйымдастырылуымен 2024 жылдың 10 қазаны күні «Мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту: тәжірибе және перспективалар» тақырыбында ШҚО балабақша педагогтерінің облыстық III слёті Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылында өтті.
Слётте әрбір аудан-қалалардан келген командалар жұмысына тәуелсіз сарапшы ретінде Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары Г.К.Кудайбергенова, А.С.Рахимова қазылық етті.
Слёт аясында ШҚО Тарбағатай ауданының «Балауса-балғын» балабақша-бөбекжайы» базасында балабақша әдіскерлері, тәрбиешілері, пән мамандарына арналған «Ұлттық құндылықтар біртұтас тәрбиенің негізі» тақырыптарында ұйымдастырылған тәжірибелік алаңында колледждің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4-курс білім алушылары Калибекова Аяна мен Габдулланова Дана шеберлік сағатын жоғарғы деңгейде жүргізді.