Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

WorldSkills жеңімпаздары

Победители WorldSkills Победители WorldSkills Победители WorldSkills

9 октября 2024 12:10

Количество просмотров: 935

2024 жылдың 7-8 қазан аралығында оқу орнымыздың базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында спорт саласының «Дене тәрбиесі және спорт» құзіреттілігі бойынша кәсіби шеберлік байқауының облыстық кезеңі өтті.

Конкурсқа Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі, С.Аманжолов атындағы ШҚУ жоғары колледжі, Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледжі, Өскемен құрылыс колледжі, Риддер колледжі педагогтері қатысып, бақ сынасты.

Педагогикалық шеберлік байқауының қорытындысы бойынша Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің дене тәрбиесі оқытушылары I орынды Нұрқас Мирас және ІІ орынды Мергенбаева Айгүл жеңіп алды. Оқу орнымыздың намысын қорғап, кәсіби шебер маман екендіктерін дәлелдеген оқытушыларымызды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!