29 мая 2026 08:05
Количество просмотров: 56
2026 жылдың 11–29 мамыр аралығында Үлкен Нарын ауданындағы Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан оқу орнымыздың оқу-өндірістік базасында Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының алғашқы әскери және технологиялық даярлық курсын аяқтаған колледж студенттеріне арналған «Жас сарбаз» облыстық оқу-далалық жиыны өткізілді.
Оқу-далалық жиын барысында студенттер алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәнінен алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітіп, әскери машықтарын жетілдіруге мүмкіндік алды.
Студенттер әскери дайындық сабақтары мен спорттық жарыстарға қатысып, ұйымшылдық, жауапкершілік және төзімділік қасиеттерін жетілдірді. Жиын олардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік берді.
Оқу-далалық жиынды колледж директоры Ф. Курманов, алғашқы әскери және технологиялық даярлық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы А.Т. Оңалбаев және дене тәрбиесі пән бірлестігінің оқытушылары жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізді.
Жиын қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар мен студенттер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.