26 мая 2026 04:05
Количество просмотров: 7
2026 жылдың 26 мамыр күні колледж студенттері С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ұйымдастырған «Жаңа Конституция және жастар» республикалық квиз ойынына қатысты. Аталған зияткерлік сайысқа еліміздің әр өңіріндегі жоғары оқу орындары мен колледждерден жалпы саны 22 команда қатысып, бақ сынады.
Ойын барысында қатысушыларға тарих, мәдениет және заңнама салалары бойынша сұрақтар қойылып, қызықты интеллектуалдық әрі логикалық тапсырмалар ұсынылды. Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша колледжіміздің екі командасы 9 және 10-орындарды иеленді. Құттықтаймыз!