Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

«ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы -12» жалпыұлттық байқауы

Общенациональный конкурс «Светлый путь Алаш в ХХІ веке -12» Общенациональный конкурс «Светлый путь Алаш в ХХІ веке -12» Общенациональный конкурс «Светлый путь Алаш в ХХІ веке -12» Общенациональный конкурс «Светлый путь Алаш в ХХІ веке -12»

8 декабря 2023 04:12

Количество просмотров: 182


«Ақ жол» демократиялық партиясы 2023 жылдың 18 қарашасынан 8 желтоқсаны аралығында дәстүрлі «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы -12» жалпыұлттық байқауын ұйымдастырды.

Жалпыұлттық байқаудың мақсаты - жастар арасында Алаш ұлттық идеясына насихаттау.

Алаш идеясы мен мұрасын насихаттауға және қазіргі қоғам контексінде саралауға арналған сайыста 18 бен 35 жас аралығындағы 200-ге жуық үміткердің ішінен 4 номинация бойынша үздік атанған 14 үміткер бақ сынады. Шара 3 кезеңнен құралды. Екінші кезеңге 42 үміткер өтті. Соның ішінде 12 қатысушы ақтық кезеңге жолдама алды.

Шараға «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев, Мәжіліс депутаттары Қазыбек Иса, Асқар Садықов, Ержан Бейсембаев сынды тұлғалар қатысты.

Ақтық кезеңнің 12 үміткері 4 номинация бойынша ІІІ жүлделі орынды иеленді. Колледжіміздің «Бастауыш білім беру» мамандығының студенті Жеңісханқызы Ақгүл, педагогика және арнайы пәндер оқытушысы Солтанғалиева Гүлжан Маратқызының жетекшілігімен «Алаштың әлеуметтік-саяси идеясы және оның қазіргі Қазақстандағы сабақтастығы» атты номинациясында жүлдегер атанып, 200 000 (екі жүз мың) теңге жүлде қорын жеңіп алды.    

Дүбірлі додада жоғары нәтижеге қол жеткізген студентімізді және оның жетекшісін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!