4 мая 2023 08:05
Количество просмотров: 1297
Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында 2023 жылдың 04 мамыры күні мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазуға оқу орнымыздың әкімшілік-оқытушылық құрамы мен білім алушылары белсене қатысты.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері, ШҚО білім басқармасының ұсынған диктант мәтіні арқылы қызметкерлер мен білім алушыларымыз мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу міндеттерін шешуге ат салысты.