Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

Серіктестің бір күні

Один день социального партнера Один день социального партнера Один день социального партнера Один день социального партнера Один день социального партнера Один день социального партнера Один день социального партнера Один день социального партнера Один день социального партнера Один день социального партнера Один день социального партнера

18 апреля 2024 08:04

Количество просмотров: 71


2024 жылдың 18 сәуірі күні колледжіміздің әкімшілік-оқытушылық құрамы мен білім алушыларынан құралған әдістемелік керуені Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№5 «Арай» балабақша-бөбекжайы КМҚК өткен апталықтың шеңберінде «Әлеуметтік серіктестің бір күні» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.

Әдістемелік керуеннің мақсаты   - әлеуметтік серіктес болып табылатын мектепке дейінгі білім беру мекемесімен ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының оқытушыларының жетекшілігімен күннің бірінші жартысында бүлдіршіндерге театрландырылған қойылымдар мен ертегілер сахналанып, 3-6 жас аралығындағы тәрбиеленушілер «Ғарыш әлеміне» планетарийға виртуалды саяхат жасады.

Күннің екінші жартысында колледжіміздің аталған мамандық бойынша оқитын 3-4 курс студенттері мекеме тәрбиешілеріне өздерінің қолдан жасаған ұлттық нақыштағы «Дана қоржын», «Ұлттық құндылықтар керуені», «Ұлттық ойындар» дидактикалық-дамытушы құралдарын көрсетіп, таныстырды.

Колледж оқытушылары мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерімен «Ұлттық құндылық – тәрбие көзі» тақырыбында ұлттық қолөнерді насихаттау, дәріптеу мақсатында «Ши тоқу», «Құрғақ жүнмен тоқу» тағы басқа қолөнер бұйымдарын жасау бойынша шеберлік сағаттарын өткізді. Сонымен қатар, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының оқытушылары дәстүрден тыс сурет салу техникасын негізінде түрлі түсті құмдарды пайдаланып, тәрбиешілермен Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты өлеңдеріне сурет салдырып, әндерін орындатты.  

Іс-шара қорытындысы ретінде кері байланыс жасалып, мекеме басшысы В.А.Аубакирова және тәрбиешілер өз пікірлерімен бөлісіп, колледж ұжымына алғыс білдірді.