Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

Асқар Ислямов атындағы атаулы кабинеттің ашылуы

Открытие именного кабинета имени Аскара Ислямова Открытие именного кабинета имени Аскара Ислямова Открытие именного кабинета имени Аскара Ислямова Открытие именного кабинета имени Аскара Ислямова Открытие именного кабинета имени Аскара Ислямова

15 декабря 2021 01:12

Количество просмотров: 1614

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы 30 жылдығы мерекесі аясында «Еңбек ардагері», «Отан соғысы кезіндегі тылдағы үздік еңбегі үшін», «КСРО халық ағарту ісінің үздігі», «КСРО еңбек сіңірген мұғалімі» атақтарының иегері Асқар Ислямов атындағы «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» атаулы кабинетінің ашылу салтанаты өтті.

Атаулы кабинеттің ашылу салтанатына ШҚО Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Искакова Гулмира Мамырбековна және «Батыр Ана», «Ана даңқы» ордендерінің иегері, Асқар Ислямовтың жұбайы Нағима Сүлейменқызы, педагогтер династиясының ұрпақтары, даңқты ұстаздың көз көрген әріптестері, шәкірттері және колледж ұстаздары мен студенттері қатысты.

Заманауи талаптарға сай жабдықталған атаулы кабинеттің лентасы қиылғаннан кейін қонақтар кабинетпен танысты. Асқар Ислямовтың ұлы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Отбасы типіндегі балалар ауылы» КММ директоры Аман Асқарұлы әулет атынан шәкіртақыға сертификат сыйға тартты және жыл сайын жоспарға сай түрлі деңгейдегі іс-шаралалар ұйымдастыруға ат салысатындықтарын айтып, әлеуметтік серіктестік орнатуға ықылас білдірді.