10 декабря 2021 06:12
Количество просмотров: 1446
Ағымдағы жылдың 22-26 қарашасы аралығында Қостанай қаласында Қостанай индустриялды педагогикалық колледжі базасында «Дене тәрбиесі және спорт» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan-2021» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Чемпионатта Маңғыстау, Нұр-Сұлтан, Петропавловск, Павлодар, Ақмола облысы, Алматы облысы, Қостанай, ШҚО өңірлерінен 8 қатысушы бақ сынасты. Аталған Чемпионатқа оқу орнымыздың «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 2 курс студенті Шотанова Назерке қатысты.
Бүгін, 10.12.2021 жылы Чемпионат жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. «WorldSkills Kazakhstan 2021» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының қорытындысы бойынша студентіміз Шотанова Назерке жүлделі 2-орынды иеленді. Чемпионатқа қатысушыны дайындап, жетекшілік еткен колледж оқытушылары В.Ф.Гадылгареев, С.Ойратқызы, бөлім меңгерушісі А.Нубараковқа және дене тәрбиесі пән бірлестігіне алғыс айтамыз!