Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

«Бұрымды қыздар» клубының ашылуы

Открытие клуба «Бұрымды қыздар» Открытие клуба «Бұрымды қыздар» Открытие клуба «Бұрымды қыздар»

19 марта 2023 10:03

Количество просмотров: 462


2023 жылдың 10 наурыз күні Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 100 жылдық мерейтойының қарсаңында оқу орнымызда алғаш рет «Бұрымды қыздар» клубының ашылу салтанаты өтті. Клубтың идея-авторы «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 2-курс білім алушысы - Сакенова Гүлжан Серікболқызы, жетекшісі - Тюлекпаева Самал Ерғалиевна.

Қазақ халқының «Әз-Наурыз» меркесіне орай ұйымдастырылған «Қазыналы-қазағым» іс-шарасының мақсаты - ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді қайта жаңғыртып, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты дәріптей отырып, жастар бойына сіңіру, әсіресе қыз баланың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы ақылды да инабатты, әдемі де, сымбатты бұрымды қыздарды тәрбиелеу.

«Қазыналы-қазағым» жарысына белсене қатысып жүлделі орындарды жеңіп алған топтар:

І орын 21-ББ-1; 22-ИМ-2 «Ақ –Орда» тобы

ІІ орын 21-ФК-1; 22-ДТ-2 «Wake up qazaq» тобы

ІІІ орын 21-МД-1; 22-ББ-1 «Шашбаулылар» тобы

Жарысқа ат салысқан 21-ИМ-1; 22-СЖ-2 білім алушыларынан құралған «Алаш орда» тобына алғысымыз шексіз.

«Бұрымды қыздар» клубына сәттілік тілейміз!