24 февраля 2025 03:02
Количество просмотров: 850
2025 жылдың 24 ақпаны күні «Педагогика және психология» пән бірлестігі апталығының ашылу салтанаты өтті.
Мақсаты: «Педагогика және психология» пән бірлестігі мүшелерінің білім алушылармен, оқытушылар арасындағы байланысты нығайту, болашақ педагогтердің мұғалім мамандығына қызығушылығын дамыту, олардың кәсіби қасиеттері мен құзіреттіліктерін қалыптастыру.
Апталық 24-28 ақпан аралығында «Білім берудегі трендтер – сапалы білім мен бәсекеге бастар жол» тақырыбы шеңберінде ұйымдастырылады. Ашылу салтанатында апталық аясында өткізілетін іс-шаралар жоспары, ашық сабақтардың кестесі таныстырылды.
Үзіліс кезінде студенттермен «Smart game» психологиялық ойындар жүргізіліп, «Учить, нельзя забыть!» педагогикалық квиз ұйымдастырылды.
Апталықтың жұмысына сәттілік тілейміз!