24 февраля 2025 04:02
Количество просмотров: 995
24.02.2025 жылы 01120100 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 22-МД-2 тобының «Білім беру және тәрбие жұмысының түрлері мен формаларын жоспарлау және жүргізу» (байқау практикасы) бойынша қорытынды конференция өтті. Конференция барысында білім алушылар өздерінің тәжірибе кезеңінде жинақтаған білімдері мен дағдыларын талқылап, практикадан алған әсерлерімен бөлісті. Білім алушылар ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№18 «Еркетай» балабақша-бөбекжайы» КМҚК, ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№9 «Арман» балабақша-бөбекжайы» КМҚК орталықтарынан практикадан өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың кәсіби дайындық деңгейін бағалау, олардың тәжірибе барысында кездескен қиындықтары мен жетістіктерін саралау және болашақтағы кәсіби қызметтеріне бағыт-бағдар беру болды.Конференцияда білім алушылар өздерінің практика кезінде орындаған жұмыстарын таныстырып, алған білімдерін нақты мысалдар арқылы көрсетті. Қорытынды сөзінде директордың өндірістік іс-жөніндегі орынбасары А.Р. Аубакирова мен практика әдіскерлері А.С. Вакасова, А. М. Кусаинова білім алушылардың жұмыстарына жоғары баға беріп, олардың болашақ маман ретінде қалыптасуына осындай тәжірибелік сабақтардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, білім алушыларға өз білімдерін одан әрі тереңдету мен кәсіби дағдыларын дамыту бойынша ұсыныстар берілді.Конференция жемісті өтіп, білім алушылар үшін үлкен тәжірибе алаңы болды. Бұл іс-шара олардың алдағы кәсіби өміріне сенімділік беріп, мамандықтары бойынша әрі қарай дамуға ынталандырды.