1 октября 2025 02:10
Количество просмотров: 534
2025 жылдың 01 қазан күні «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4-курс (22-МД-2 тобы) білім алушылары оқытушы С.Е.Тюлекпаева жетекшілігімен «ҚЫЗЫҚ TIMES» форматында «Ұрпаққа бағыт, балаға бақыт сыйлаған ұстаздар» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облыстық №6 «Күншуақ» балабақша-бөбекжайының ұжымы арнайы қонақ ретінде шақырылды. Шара барысында тәжірибелі тәрбиеші, оқулық авторы Мусапарқан Гүлмарият «Тәрбиеші жүрегіндегі әлем» атты еңбегімен таныстырып, студенттерге өзінің еңбек жолындағы әсерлі сәттерін баяндаса, тәрбиеші Ғазизханова Айдана Ертайқызы «Бәйтерек» ойынын таныстырды. Балабақша директоры Ү.С.Ережепова колледж ұжымына шынайы алғысын білдірді.
Ашық тәрбие сағаты мазмұны мен мағынасы жағынан ерекше деңгейде өтті. Болашақ тәрбиешілер мен тәжірибелі мамандар арасындағы бұл кездесу студенттердің кәсіби ой-өрісін кеңейтіп, мамандыққа деген қызығушылығын арттырды. Қонақтар тарапынан айтылған әсерлі әңгімелер мен тәжірибелік кеңестер студенттерге үлкен шабыт сыйлады. Мұндай тағылымы мол іс-шаралар жас мамандардың кәсіби тұрғыда шыңдалуына және тәрбиеші мамандығының қадір-қасиетін сезінуіне жол ашады.