30 сентября 2025 05:09
Количество просмотров: 212
2025 жылдың 30 қыркүйегінде «Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай оқу орнымызда «Студенттер vs Педагогтер» атты шығармашылық-спорттық марафон ұйымдастырылды.
Марафон аясында колледж студенттері мен педагогтері бірлікті қалыптастыру және қатысушылар арасындағы байланысты нығайту мақсатында волейболдан достық матч өткізді. Сонымен қатар, спорттық іс-шаралар арқылы өзара түсіністік пен командалық рухты арттыруға мүмкіндік туды.
#біздіңТжКБ #біздіңШебер #нашеТиПО