Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

«Білімнің жұлдызы» жобасындағы жеңіс

Победа в проекте «Звезда знаний» Победа в проекте «Звезда знаний»

25 мая 2023 04:05

Количество просмотров: 392


2023 жылдың мамыр айында «Dauletten» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен 2020 жылдан бері білімді, талантты жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылып келе жатқан «Білімнің жұлдызы – 2023» атты шәкіртақы байқауына үміткер ретінде қатысқан колледжіміздің «Тіл және әдебиет» бөлімінің 0111000 – «Негізгі орта білім беру» мамандығы3-курсының студенті Нуралина Махаббат Арманқызына 100 мың теңге көлеміндегі бір реттік шәкіртақыны жеңіп алды.

«Dauletten» қайырымдылық қоры бұл шәкіртақысы колледж және ЖОО-ның үздік студенттерін қаржылай қолдау, олардың заманауи талаптарға сай дағдыларын дамыту және оқуда, ғылымда және қоғамдық өмірде белсенді болғандықтарын ынталандыру үшін беріледі. Биылғы іріктеуге Қазақстанның түкпір-түкпірінен шәкіртақы алуға ниетті 854 студенттен өтінім келіп түскен екен, солардың ішінен біздің студентіміздің мотивациялық хаты, оқу үлгерімі және қоғамдық жұмыстарға қатысу көрсеткіштері ескеріле отырып, аталған шәкіртақы тағайындалды.

Біз студентіміз Нуралина Махаббатты «Білімнің жұлдызы» жобасындағы жеңісімен құттықтаймыз!