24 апреля 2026 11:04
Количество просмотров: 8
Әртүрлі ұлттар мен этникалық топтардың мәдениетін насихаттау мақсатында жыл сайын «Бір шаңырақ астында» облыстық фестивалі өткізіледі. Фестиваль аясында колледж студенттері музыкалық нөмірлер ұсынып, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін дәріптейді.
Биыл біздің колледжге орыс ұлтының мәдениетін таныстыру мүмкіндігі берілді. Колледж студенттері көрініспен үйлестіре отырып, орыс халық биін орындады.
2026 жылдың 24 сәуірі күні фестиваль «Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжі» КММ базасында өтті.