Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

«Jas Otan» Жастар қанаты бөлімшесінің ашылу салтанаты

10 октября 2021 06:10

Количество просмотров: 1054

 

Ағымдағы жылдың 9-қазаны күні Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі тарихында алғашқы рет «Jas Otan» Жастар қанаты бөлімшесінің ашылу салтанаты мен оған студенттерді қабылдау кеші өткізілді.

Бұл мерекелік кешке қонақ ретінде Өскемен қаласы Жастар кеңесі төрағасының орынбасары Джакишев Алмаз Ажибекұлы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің және Шығыс Қазақстан политехникалық колледжінің «Jas otan» Жастар қанаты мүшелері келіп қатысты.

Кеш барысында студенттер түрлі өнерлерін ортаға салып, жан-жақты, белсенді тұлға ретінде көріне білді. Сонымен қатар, «Jas Otan» Жастар қанатына кірулеріне орай ресми түрде ант қабылдап, салтанатты түрде куәліктермен марапатталды.