8 октября 2021 04:10
Количество просмотров: 1229
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы облыстың кәсіпорындарымен бірлесе отырып, 2021 жылдың 4-8 қазан аралығында «Мектепке дейінгі тәрбие», «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Shygys - 2021 аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты колледж базасында өтті.
WorldSkills Shygys - 2021 аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты қорытындысы бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігінен 1-орынды 4-до-1 тобының студенті Баймолдинова Аида Бақытжанқызы (тәлімгер А.М.Мұратова); 3 орынды 4-до-2 тобының студенті Сагындыкова Карина Сагындыковна (тәлімгер Г.А.Нургалиева); «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігінен 2 орынды 4-шк-1 тобының студенті Құнапиянова Дильназ Русланқызы (тәлімгер А.Б.Болгибаева) иеленді.
Чемпионат жеңімпаздары мен олардың тәлімгерлерін жеңістерімен құттықтаймыз.