1 ноября 2025 02:11
Количество просмотров: 112
1–2 қараша күндері Тараз қаласында өткен Кекушин Будокай каратэ бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында оқу орнымыздың 1-курс студенті, «Спорт жаттықтырушысы» мамандығында оқитын Исаченко Максим 16–17 жас аралығында, 65 келі салмақ дәрежесінде І орынды иеленді!
Бұл жеңіс — студентіміздің табандылығы мен еңбегінің, ұстаздарының бағыт-бағдарының нәтижесі.
Колледж ұжымы Максимді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейді!