Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Танымдық-тәжірибелік тренинг

Познавательно-практический тренинг Познавательно-практический тренинг Познавательно-практический тренинг Познавательно-практический тренинг Познавательно-практический тренинг Познавательно-практический тренинг

17 декабря 2025 04:12

Количество просмотров: 111

2025 жылдың 17 желтоқсаны күні оқу орнымыздың «Информатика мұғалімі» біліктілігінің 4-курс студенттері Хасанова Таңсу, Ерболатова Маржан, Жамелов Алдияр Өскемен қаласы әкімдігінің «№46 орта мектебі» КММ базасында «Digital Skills Lab: Болашаққа цифрлық қадам» тақырыбында танымдық әрі тәжірибелік тренинг өткізді.

Тренинг барысында қатысушылар цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған заманауи құралдармен танысып, «Digital Skills Lab: Болашаққа цифрлық қадам» форматының құрылымы мен мазмұнын жан-жақты талқылады. Сонымен қатар цифрлық технологияларды оқу үдерісінде тиімді пайдалану жолдары көрсетіліп, практикалық тапсырмалар арқылы қатысушылардың қызығушылығы арттырылды.

Тренингке қатысушылар белсенділік танытып, қойылған тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Мұндай танымдық-тәжірибелік іс-шаралар оқушылардың цифрлық құзыреттілігін қалыптастыруға, шығармашылық ойлауын дамытуға және болашақ мамандыққа бағдарлануына оң ықпал етеді.