Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

«Қош келдің, әз Наурыз» мерекесі

Праздник «Қош келдің, әз Наурыз» Праздник «Қош келдің, әз Наурыз» Праздник «Қош келдің, әз Наурыз» Праздник «Қош келдің, әз Наурыз» Праздник «Қош келдің, әз Наурыз» Праздник «Қош келдің, әз Наурыз» Праздник «Қош келдің, әз Наурыз» Праздник «Қош келдің, әз Наурыз»

19 марта 2024 04:03

Количество просмотров: 87


19 наурыз 2024 жылы Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Қош келдің, әз Наурыз» мерекесі ұйымдастырылды. Іс-шараны « С.Аманжолов атындағы ШҚ университетінің жоғары колледжі» КЕАҚ өткізді.

Мақсаты – халықтың салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, халық шығармашылығы және тарихы туралы білімдерді меңгеру.

         Іс шарада «Шебер қолдар», «Наурыз – жыл басы», «Бауырсақ – PARTY», «Самаурыным қайнасын, дастарханым жайнасын», «Ұлттық ойын – ұлт негізі» сайыстары өткізілді.

        «Шебер қолдар» байқауында біздің оқу орнымыздан «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының оқытушысы А.Кусаинова жетекшілігімен барған қатысушылар жүлделі бірінші орынды иеленді. «Ұлттық ойын – ұлт негізі» сайысында қол күресінен 80 салмақ дәрежеде Рау Никита І орынды иеленсе, Арқан тартудан колледж командасы ІІІ орынды жеңіп алды, ал «GREAT QAZAQ GAMES» тоғызқұмалақ жарысында студентіміз Жеңісхан Ақгүл ІІІ орынды жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте колледж командасы ІІІ орынды иеленді.