Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

«Кітап – AMANAT» жобасы

Проект «Кітап – AMANAT» Проект «Кітап – AMANAT»

29 ноября 2023 06:11

Количество просмотров: 205


2023 жылғы 29 қараша күні Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледж студенттері «Жастар рухы» ЖҚ ШҚО филиалымен ұйымдастырылған «Кітап – AMANAT» жобасының ашылуына қатысты.

«Кітап-AMANAT» жобасы отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға, адамдарды оқуға ынталандыруға, қазақстандық авторлар мен кітап шығарушыларды қолдауға бағытталған.

Іс-шараға «AMANAT» партиясының ШҚО филалының Төрағасы Сайрангүл Ахметкәрімқызы, «Кітап-AMANAT» жобасының жанашыры, ақын, Мәдениет қайраткері, «Құрмет Орденінің» иегері, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы, «Көктудың Желбірегені» өлеңінің авторы Алмас Ахметбекұлы, өңіріміздің қоғам қайраткерлері Түсіпхан Түсіпбекұлы, айтыскер-ақын Серік Қуанғанұлы, «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚО филиалының төрағасы Корлан Толеубековна, «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Мерей Қайнарұлы, С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Төлеген Мұхтар, блогер Дарын Нұрсапаров, О. Бөкей атындағы кітапхана директоры Хабиба Мырзаханқызы, жазушылары, жастар қатысты.

Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжіне отандық және шетелдік әдебиеттерді сатып алу үшін 200 000 теңгеге сертификат табыс етілді.