Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Профориентационная работа Профориентационная работа Профориентационная работа

28 ноября 2025 04:11

Количество просмотров: 182

2025 жылдың 2 желтоқсан күні колледждің педагогикалық тәжірибеден өтіп жатқан «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің 4-курс студенті Шәріпханова Ақбота «№45 бейінді орта мектебі» КММ 8–9-сынып оқушыларына шешендік өнер бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Шеберлік сабағы барысында ол оқушыларға көпшілік алдында сенімді сөйлеу, ойды жүйелі жеткізу, дәлелдерді сауатты құрастыру, аудиторияны баурау сияқты шешендік өнердің негізгі элементтерін үйретті. Сонымен қатар, оқушыларға дебат турнирлерін ұйымдастыру және жүргізу тәсілдері таныстырылып, командалық жұмыс, тайм-менеджмент және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық жаттығулар орындалды.

Іс-шара кезінде Ақбота білім алушыларға біздің колледж туралы толық ақпарат беріп, оқу орнымызда жүргізілетін мамандықтар, білім беру бағдарламалары, оқу үрдісінің ерекшеліктері мен артықшылықтары жөнінде кеңінен тоқталды. Оқушыларға шығармашылық ортаның қалыптасуы, тәжірибелік сабақтардың молдығы, кәсіби маман ретінде қалыптасуға мүмкіндік беретін оқу базасы туралы мағлұмат берілді.

Шараға қатысқан оқушылар белсенділік танытып, қызығушылық білдіріп, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Іс-шара кәсіптік бағдар берудің тиімді формасы ретінде бағаланып, болашақ талапкерлердің кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға оң ықпал етті.