Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Педагогикалық консилиум

Педагогический консилиум Педагогический консилиум Педагогический консилиум

28 ноября 2025 04:11

Количество просмотров: 120

2025 жылдың 26 және 28 қараша күндері колледжімізде 1-курс білім алушыларының оңды кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, олардың әлеуметтік-психологиялық дамуын қолдау және қолайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық консилиум өткізілді.

Іс-шараға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, топ кураторлары, бөлім меңгерушілері, әлеуметтік педагог, фельдшер, педагог-психологтер және пән оқытушылары қатысты.
Консилиум барысында студенттердің бейімделу деңгейі, оқу мотивациясы, топішілік қарым-қатынастары, жеке және кәсіби даму ерекшеліктері талқыланды.

Педагог-психологтер 1-курс білім алушыларының әлеуметтік-психологиялық жағдайына жүргізілген мониторинг нәтижелерін ұсынып, олардың оқу үдерісіне табысты кірігуін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берді. Сонымен қатар оқытушылар тарапынан білім алушылардың кәсіби бағдарын нығайтуға, оқу үлгерімін арттыруға және жеке әлеуетін дамытуға бағытталған тиімді әдістер қарастырылды.

Өткізілген педагогикалық консилиум студенттердің білім алуға деген ынтасын арттыруға, кәсіби қалыптасу жолында қолдау көрсетуге және олардың колледж өміріне сәтті бейімделуіне ықпал ететін маңызды іс-шара ретінде бағаланды.