16 ноября 2025 02:11
Количество просмотров: 214
2025 жылдың 16 қарашасында ШҚО ДШ және СБ «Спортта дарынды балаларға арналған ШҚО олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ колледж тарапынан кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді. Кездесу барысында оқу орнында дайындалатын негізгі мамандықтар, олардың мазмұны мен болашақтағы мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар талапкерлер үшін қабылдау шарттары, құжат тапсыру кезеңдері, оқыту формалары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, студенттерге ұсынылатын әлеуметтік қолдау түрлері туралы толық ақпарат берілді. Оқушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен, спорттық инфрақұрылымымен, жаттығу залдары мен оқу кабинеттерінің мүмкіндіктерімен танысты.
Шара жастардың болашақ мамандығын саналы таңдауға бағыт беріп, спорт саласында кәсіби қалыптасуға жол ашатын маңызды кездесу болды. Оқушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, спорттық білім алу жолындағы өз мүмкіндіктері туралы нақты мәлімет алды.