18 ноября 2025 04:11
Количество просмотров: 98
18 қараша 2025 жылы «Дублер күні» жобасы аясында кәсіптік бағдар беру мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының студенттері практика әдіскері А.С. Вакасованың жетекшілігімен №1 «Балапан» балабақша-бөбекжайында «Мамандығым – болашаққа апарар баспалдақ» атты іс-шара ұйымдастырды.
Өскемен қаласының 7-9 сынып оқушылары колледждің оқу жүйесімен, мамандық ерекшеліктерімен және мектепке дейінгі тәрбиеші мамандығының қоғамдағы маңызымен толық танысты. Оқушылар студенттердің күнделікті оқу процесін және практикалық сабақтарды бақылап, болашақ мамандық ортасына жақындай түсті.
Бұл шара оларға кәсіби бағыт-бағдар беріп, мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауға көмектесті. Іс-шара соңында директордың оқу-өндірістік жөніндегі орынбасары А.Б. Болгибаева мектеп оқушыларына қатысушы сертификаттарын табыстады.
Іс-шараны жоғары деңгейде өткізуге қолдау көрсеткені үшін №1 «Балапан» балабақша-бөбекжайының меңгерушісі Д. Райымбаеваға, әдіскер С. Жапароваға және балабақша ұжымына алғысымызды білдіреміз!
#ДублерКүні #КәсібиБағдар #АбайатындағыШҚГК #БалапанББ #МектепкеДейінгіТәрбие #БолашақМамандық #ЖұмысшыМамандықтарЖылы2025