12 ноября 2025 02:11
Количество просмотров: 167
2025 жылғы 12 қараша күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» пән бірлестігінің апталығы аясында оқытушы А.М. Қайкенованың ұйымдастыруымен оқу орнымыздың 4-курс студенттері Шәріпханова Ақбота, Ұланқадырова Аружан және Еркін Әмина ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№35 орта мектебі» КММ 8–9-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру жұмысы және шеберлік сағатын өткізді.
Шеберлік сағат ағылшын, қазақ, орыс тілдерінің ерекшеліктері мен сөз және ойталқы өнері тақырыптарын қамтыды. Іс-шара барысында оқушыларға тілді тиімді меңгерудің әдіс-тәсілдері мен оның маңыздылығы түсіндіріліп, ойталқы мәдениеті, сыни ойлау және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік тапсырмалар ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқытушы А.М. Кайкенова оқу орнымыздағы мамандықтар мен білім беру бағыттары жөнінде толыққанды ақпарат беріп, колледждің оқу-әдістемелік ерекшеліктері мен студенттерге жасалатын мүмкіндіктер туралы баяндады.