10 февраля 2022 06:02
Количество просмотров: 1771
Әрбір адам үшін болашақ мамандықты дұрыс таңдау маңызды. Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Сондықтан қала және облыс оқушыларымен кәсіби бағдар жұмысына үлкен назар аударылуы тиіс.
2022 жылдың 10 ақпанында колледж қызметкерлері А. Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектептің 8-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар жұмысын жүргізді.
Болашақ талапкерлер мамандықтар туралы, қабылдау мерзімі мен ережелері туралы, колледжде оқудың ерекшеліктері туралы толық ақпарат алды.