Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Кәсіптік бағдар беру

Профориентационная работа Профориентационная работа Профориентационная работа Профориентационная работа Профориентационная работа Профориентационная работа Профориентационная работа Профориентационная работа

17 апреля 2026 05:04

Количество просмотров: 45


2026 жылдың 15-17 сәуір аралығында директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Р.М. Жакашев Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай, Үлкен-Нарын аудандары мен Алтай қаласының мектептеріне кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында іссапармен барып қайтты.

Іссапар барысында мектеп оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылып, оларға оқу орнымыздағы білім беру мүмкіндіктері, мамандықтар, оқу үдерісі мен қабылдау талаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, болашақ мамандық таңдаудың маңыздылығы түсіндіріліп, оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес бағыт-бағдар ұсынылды.

Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Мұндай шаралар мектеп түлектерінің кәсіби бағдарын айқындауға, саналы түрде мамандық таңдауына және болашаққа сенімді қадам жасауына зор ықпал етеді.

Аталған кәсіптік бағдар беру жұмыстары оқу орнымыздың білім беру мүмкіндіктерін кеңінен таныстырып, мектептермен өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.