17 апреля 2026 04:04
Количество просмотров: 20
2026 жылдың 16–17 сәуір күндері Абай облысы, Семей қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Білім беру» саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.
Байқауға еліміздің 16 өңірінен 33 оқытушы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Аталған шараға оқу орнымыздан екі оқытушы қатысып, өздерінің жоғары кәсібилігі мен педагогикалық шеберліктерін көрсете білді. Конкурс барысында қатысушылар заманауи білім беру әдістерін тиімді қолдану, шығармашылық қабілеттері мен кәсіби біліктіліктері бойынша сынға түсті.
Нәтижесінде жалпы білім беретін пәндер бойынша Г.С. Сапарғалиева және арнайы пәндер бойынша Н.Е. Құсманова «Үздік маман» медальоны иегерлері атанды.
Бұл жеңіс ұжымының сапалы білім беру жолындағы еңбегінің жемісі. Жеңімпаз ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!