26 марта 2026 03:03
Количество просмотров: 33
2026 жылдың 26 наурызы күні колледжге «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері келіп, танысты. Кездесу аясында қонақтарға колледж бойынша экскурсия ұйымдастырылып, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен таныстырылды. Сонымен қатар студенттер мен оқытушылар колледжде оқытылатын мамандықтар, олардың ерекшеліктері мен артықшылықтары, сондай-ақ болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдауға байланысты пайдалы кеңестер алды. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің болашақ кәсібін дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беріп, олардың білімге деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.