27 марта 2026 03:03
Количество просмотров: 43
2026 жылдың 27 наурызы күні Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ-де қазақ прозасының көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың және халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қалихан Ысқақтың шығармашылығына арналған «Қалихан Ысқақ оқулары» атты облыстық байқау өтті.
Аталған байқауға өңірдің білім беру ұйымдарының дарынды жастары қатысып, қаламгердің шығармаларын насихаттау, көркем сөз оқу және әдеби талдау бағыттары бойынша өзара бақ сынасты.
Байқау қорытындысы бойынша оқу орнымыздың «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің 2-курс студенті Жарқын Айдос (жетекшісі: Ж.Н. Акимбаева) жүлделі І орынды иеленіп, жоғары деңгейдегі дайындық пен шығармашылық қабілетін көрсетті.
Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілейміз!