Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Профориентационная работа Профориентационная работа

8 апреля 2026 08:04

Количество просмотров: 40


2026 жылдың 8 сәуірі күні кәсіптік бағдар беру мақсатында колледжімізге ШҚО білім басқармасының «Отбасылық үлгідегі балалар ауылы» тәрбиеленушілері келді. Кездесу барысында қонақтарға оқу орнымыз бойынша арнайы экскурсия ұйымдастырылып, колледждегі мамандықтар, оқу үдерісі, қабылдау талаптары мен білім алу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Сонымен қатар, оқушыларға болашақ мамандық таңдаудың маңыздылығы түсіндіріліп, өз қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес бағыт-бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Олар оқу кабинеттерімен, зертханалармен танысып, студенттердің өмірі мен жетістіктері туралы мәлімет алды.

Бұл шара жасөспірімдердің кәсіби бағдарын айқындауға, болашаққа деген сенімін арттыруға және саналы мамандық таңдауға үлкен ықпал етті.