27 февраля 2026 11:02
Количество просмотров: 78
2026 жылдың 23-27 ақпаны аралығында оқу орнымыз мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру мақсатында өңірлік іссапар ұйымдастырды. Колледждің ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директор орынбасары Ринат Макенұлы Жақашев Жарма, Тарбағатай және Зайсан аудандарының мектептерінде болды.
Кездесу барысында:
· Оқушыларға колледждің мамандықтары мен оқуға түсу шарттары егжей-тегжейлі түсіндірілді;
· Колледждегі студенттік өмір, оқу үдерісінің артықшылықтары мен келешегі туралы ақпарат берілді;
· Оқу орнының қызметі туралы танымдық бейнеролик көрсетіліп, арнайы буклеттер таратылды.
Кездесу соңында оқу үздіктеріне колледжге түсуге мүмкіндік беретін арнайы сертификаттар табысталды. Бұл шара талапкерлерге болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға зор септігін тигізеді.