Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Кездесу

Встреча Встреча Встреча Встреча Встреча Встреча Встреча

27 февраля 2026 11:02

Количество просмотров: 92


2026 жылдың 27 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Ж. Нургалиев, Білім басқармасының басшысы Қ.Б. Оқасов, Ардагерлер кеңесінің төрайымы М.Ж. Жумагулова қатысуымен оқу орнымыздың оқытушылары мен білім алушыларына арналған 15 наурыз референдумы тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында референдумның мән-маңызы түсіндіріліп, азаматтық белсенділікті арттыру мәселелері талқыланды. Ербол Жолдасбекұлы Конституциядағы жекелеген баптарға тоқталып, енгізілген өзгерістерді нақты мысалдармен түсіндірді. Ардагерлер кеңесінің төрайымы жаңа Конституцияны қолдайтынын атап өтсе, Білім басқармасының басшысы әрбір азаматты өз конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.
Кездесу қатысушыларға азаматтық жауапкершіліктің маңызын еске салып, әрбір азаматтың дауыс беру арқылы елдің дамуына өз үлесін қосуы қажеттігін нақты көрсетті, сондай-ақ Жаңа Конституцияның елдің демократиялық дамуы мен азаматтардың құқықтарын нығайтудағы маңыздылығын айқындап берді.