27 февраля 2026 11:02
Количество просмотров: 112
2026 жылдың 23 ақпанынан 5 наурызы аралығында директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Ринат Макенұлы Жақашев болашақ талапкерлерге кәсіптік бағдар беру мақсатында Көкпекті, Жарма, Тарбағатай, Зайсан, Марқакөл, Күршім және Самар аудандарының мектептеріне барды.
Кездесу барысында:
· Оқушыларға колледждің мамандықтары мен оқуға түсу шарттары егжей-тегжейлі түсіндірілді;
· Колледждегі студенттік өмір, оқу үдерісінің артықшылықтары мен келешегі туралы ақпарат берілді;
· Оқу орнының қызметі туралы танымдық бейнеролик көрсетіліп, арнайы буклеттер таратылды.
Кездесу соңында оқу үздіктеріне колледжге түсуге мүмкіндік беретін арнайы сертификаттар табысталды. Бұл шара талапкерлерге болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға зор септігін тигізеді.