Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

«Ай қонағы» бағдарламасы

Программа «Ай қонағы» Программа «Ай қонағы» Программа «Ай қонағы» Программа «Ай қонағы» Программа «Ай қонағы»

12 апреля 2023 04:04

Количество просмотров: 1296


Бүгін колледждің 100 жылдық мерейтойы аясында «Ғылым шеруі» онкүндігі жоспарына сәйкес дәстүрлі «Ай қонағы» бағдарламасы ұйымдастырылды.

Бағдарлама қонағы ретінде 50-ден астам публицистикалық және ғылыми-зерттеу мақалалары, «Коммунизм туы», «Дидар», «Қарағанды жастары», «Замандас», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ізденіс» атты мерзімдік басылым беттерінде, түрлі ғылыми жинақтардан жарық көрген С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Қасенов Сәкен Тоқанұлы қатысты.

Сәкен Тоқанұлы шешендік өнер жайлы өзінің ғылыми көзқарасын білдіріп, зерттеу еңбектерге шолу жасап өтті. Студенттер тарапынан ғалым- ұстазға әртүрлі сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасты.

Кездесу барысында колледж директоры т.ғ.к. Ф.Курманов 100 жылдық аясында болатын іс-шаралар бағдарламасымен бөлісіп, ұстаздық еңбек жолындағы тәрбиенің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар тарих пен әдебиеттің егіз ұғым екендігін атап өтті.

Ғылым күніне тұспа-тұс келген бұл кездесу болашақ мамандарға тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді деген ойдамыз.