13 апреля 2023 11:04
Количество просмотров: 1366
2023 жылдың 13 сәуірінде Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 100 жылдық мерейтойы аясында «Оқуға құштар колледж» жобасының жоспарына сәйкес «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы «Шет тілі мұғалімі» біліктілігінің 1 курс білім алушылары арасында «Әлемдік ақпарат кеңістігіндегі кітаптың рөлі» тақырыбындағы пікірсайыс өтті. Пікірсайысқа қатысушылар кітап оқудың маңызы, электронды, аудиокітаптар туралы ойларын білдіріп, өзара пікір алмасты.
«Үздік спикер» номинациясымен 22-шт-3 тобының білім алушысы Жотабекова Айнұр марапатталса, І орын дипломын «Оппозиция» позициясындағы Қинаятова Перизат, Биязбаева Айым, Солтанбекова Балжан иеленді.