Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Ұлылар мекеніне саяхат: «Абайдан Абайға»

Путешествие в край великих: «От Абая к Абаю» Путешествие в край великих: «От Абая к Абаю» Путешествие в край великих: «От Абая к Абаю»

6 июня 2026 12:06

Количество просмотров: 8



6 маусым күні колледжімізде дәстүрге айналған тағылымды шара өтті. Үздік оқитын, халықаралық, республикалық және облыстық олимпиадалардың жеңімпаздары атанған, қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген 100-ге жуық студентіміз «Абайдан Абайға» атты автокеруенмен қасиетті Шыңғыстау өңіріне саяхат жасап қайтты.
Бұл сапар – жай ғана саяхат емес, тарихпен тілдесіп, ұлылықтың рухын сезінуге мүмкіндік берген тағылымды таным жолы болды.
Саяхат бағыты бірнеше киелі орындарды қамтыды:
Күшікбай асуы – М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні» шығармасын еске түсіретін, тарихы мен тағдыры астасқан сырлы мекен.
«Еңлік – Кебек» ескерткіші – мәңгілік махаббаттың символына айналған қос ғашықтың тағдырынан сыр шертетін қасиетті орын.
 Бөрілі – қазақ әдебиетінің заңғар тұлғасы Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны тамған, балалық шағы өткен, рухани нәр алған алтын бесігі.
Жидебай – ұлы ойшыл, дана ақын Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлы мәңгілік тыныс тапқан қасиетті мекен.
Студенттер тарихи-мәдени орындарды аралап, мұражай жәдігерлерімен танысып, Абай әлемінің терең рухани мұрасынан тағылым алды. Киелі мекенге жасалған бұл сапар студенттердің ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, туған жер тарихына деген сүйіспеншілігін тереңдете түсті.

«Абайдан Абайға» сапары әрбір қатысушының жүрегінде өшпес әсер қалдырып, рухани дүниесін байыта түскені сөзсіз.
«Абайдан Абайға» автокеруенін жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен колледж басшылығына және студенттік кәсіподақ ұйымына алғысымызды білдіреміз.